Тоқбергенова Жамила Оңалбекқызы

Рейтинг:

      Мен, Тоқбергенова Жамила Оңалбекқызы 1970 жылы 5-қаңтарда, қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы Көксарай ауылында дүниеге келіппін. Әкем, анам, бір сіңілім және екі інім бар.
      1987 жылы аталған ауылдағы Мұхтар Әуезов атындағы мектепті өте жақсы аяқтап, 1989 жылы Алматы қаласындағы Алматы Педагогикалық шетел тілдер институтына түстім. 1994 жылы Алматы Мемлекеттік Әлем Тілдер Университетінің ағылшын тілі факултетін аяқтап, ағылшын тілі пәні мұғалімі деген диплом алдым.
      Еңбек жолымды 1996 жылы қазіргі Шымкент қаласындағы №120 мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастадым. Бірнеше жыл директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болдым.
      2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы №7 Ғали Орманов атындағы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Күйеуім, екі қызым және бір ұлым бар. Үлкен қызым тұрмыста, ол да магистрант, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі. Ұлым хирург-врач болып жұмыс атқарады. Астана қаласындағы Медицина Университетін аяқтаған. Кенже қызым оқу озаты.
      Биыл бір оқушым Назарбаев Университетінің студенті атанса, бір оқушым Польшадағы жоғары бір оқу орнының студенті атанды.
Жоғары санатты, зерртеуші – педагог ағылшын тілі пәні мұғалімімін.
Пікір қалдыру
  • Аты-жөні*:

    E-Mail*:

  • Пікір*:

  • Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Соңғы жаңалықтар