Есхожаева Салтанат

Рейтинг:


Бұрыш.Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир.Бұрыштарды өлшеу және салу.

 
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты5.3.3.1 - бұрышты транспортир көмегімен өлшеу; 
5.3.3.2 - градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу; 
 
Сабақ мақсаты
  • Бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру; 
  • Бұрышты транспортир көмегімен өлшеу; 
  • Градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу
 
Бағалау критерийлері
  • Бұрыштың анықтамасы мен элементтерін айтады;
  • Бұрышты транспортир көмегімен өлшейді; 
  • Градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салады.
 
Тілдік мақсаттарОқушылар: Бұрыш,транспортир, биссектриса,градус сөздерінің мағынасын түсінеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер: (Мағынаны ашу)
Бұрыш деп, бір нүктеден тарайтын екі сәуледен тұратын фигураны айтады. 
Транспортир –бұрышты өлшеу құралы. 
Биссектриса деп -бұрыштың төбесінен шығатын оны тең екі бөлікке бөлетін сәулені айтады.
Градус деп-жазыңқы бұрышты өзара тең 180 бөлікке бөлгендегі бір бөлігін айтады.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:Тең бұрыштардың градустық өлшемдері тең болады.
Жазылым бойынша ұсыныстар: Бұрышты - “∠”, Градус - « º » деп белгілейді. Жазылуы: ے   АОВ=180°
 
Құндылықтарға баулуМәңгілік елдің 5-ші құндылығы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау және саралау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселерді қою және шешім қабылдау,топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу, өзгелердің уақыты мен пікірлеріне құрметпен қарау. 
Пәнаралық байланысҚазақ тілі 
Алдыңғы білімСанның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу 
Сабақтың барысы 
Сабақтың кезеңдеріЖоспарланған жұмысРесурстар
Сабақтың басыҰйымдастыру кезеңі 
1. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру;
2. Кеме суреттері арқылы сыныпты 4 топқа бөлу;
3. Ынтымақтастық атмосферасын туғызу.
Әдіс:«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз»
Оқушылармен «Шаттық шеңберін» құрып, бір біріне математикалық терминдерді қолданып лебіздерін білдіреді.
ҚБ «Шапалақтау» (оқушылар өз сыныптастарының жылы лебіздеріне алғысын білдіріп, қолдарын шапалақтайды) 
4. Алтын ережемен таныстыру.
5. Әр топқа бағалау парағын тарату, топ басшылары сайланады;
6. Алдыңғы білімді қайталау
«Серпілген     сауал» әдісі
Саралау  тәсілі: «Диалог және қолдау көрсету» 
Сұрақ-жауап түрінде оқушылар диалог арқылы ауызша жұмыстанады.  
 















Дескриптор:
  • Пайыз анықтамасын біледі;
  • Санның пайызын қалай табуды біледі;
  • Пайызы бойынша санды қалай табуды біледі.
ҚБ: «Жапон әдісі» (Дұрыс жауапқа оқушылар «оооооо» деп, бұрыс жауапқа «ааааа» деп жауап береді.)
Кері байланыс: Оқушылардың жауаптарын толықтырады;
 
7. Үй тапсырмасын тексеру
 


















Мақсаты:
- Үйге берілген белгісіз бұрыш есептерінің  дұрыс орындалғанын талқылау;
- Жұптары арқылы есептің дұрыс шешімін тексеру;
Дескриптор
  • Берілгенін дұрыс жазады;
  • Белгісіз бұрыштың мәнін шығарады;
Барлық жауаптары дұрыс5 балл
Бір қателік жауап бар3 балл
Екі қателік жауап бар0 балл
ҚБ:  «Қол шапалақтау» әдісі
Кері байланыс:  Мұғалім оқушылардың бір біріне әділетті болып, дұрыс тексеріп отырғандығын қадағалау;





 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 












Оқулық Математика 2-бөлім, Алдамұратова Т.А., Алматы «Атамұра» 2017   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сабақтың ортасыСаралау тәсілі «тапсырма»
(Саралау жұмысының тәсілдерін қолданып оқушыларға күрделілігіне қарай алға ілгерлеп отыратын тапсырмаларды беріп отырамын)
1.«Ашық микрофон» әдісі 
Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, мұғалімнің берген есептеріне тез әрі нақты жауап береді.
  1. Бұрыш дегенімі - ...... 
  2. Бұрыштың төбесі .......
  3. Бұрыштың қабырғалары ........
  4. Бұрышты қалай жазамыз ........
  5. Бұрыштың өлшем бірлігі қандай?
  6. Толықтауыш сәулелер дегеніміз не?
  7. Жазыңқы бұрыштар қанша градусқа тең?
  8. Медиана дегеніміз не?
 
Дескриптор:
  • Бұрыштың анықтамасын айтады; 
  • Бұрыш элементтерін атайды;
  • Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемін айтады;
  • Медиана анықтамасын біледі.
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл
 
ҚБ: Мұғалімнің мадақ сөздері ( жарайсың, керемет,өте жақсы) 
Жақсы жауап беріп, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап отырады. 
Кері байланыс:  Мұғалім оқушылардың бір біріне әділетті болып, дұрыс тексеріп отырғандығын қадағалау.
 
Нұсқаулық: Демек, жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі  .
Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін транспортир қолданылады. 
        

















Транспортирмен берілген бұрышты, мысалы, АОВ бұрышын өлшеу үшін
  1. транспортирдің центрін бұрыштың төбесіне (О нүктесіне) дәлкелтіру керек;
  2. бұрыштың бір қабырғасы (АО) транспортир шкаласындағы санақ басы   арқылы өту керек;
  3. бұрыштың екінші қабырғасы өтетін шкаладағы штрих осы бұрыштың градустық өлшемін көрсетеді. ,  
Транспортирді пайдаланып, градустық өлшемі берілген
бұрышты салуға болады.
 

 
 
 
 

 






Мысалы, транспортирді пайдаланып, градустық өлшемі  -қа тең АВС бұрышын салуды үйренейік. Ол үшін:
  1. ВА сәулесін жүргіземіз;
  2. транспортирдің центрін В нүктесіне дәл келтіріп, ВА сәулесін санақ басы -   арқылы өтетіндей етіп орналастырамыз;
  3. транспортирдің шкаласынан  -қа сәйкес штрихты тауып, оның тұсынан С нүктесін белгілейміз.
  4. ВС сәулесін жүргіземіз. Сонда градустық өлшемі  -қа тең АВС бұрышы салынады,  .
 
Әдіс: «Стоп кадр»
Әр топқа оқулықтағы А,В, С деңгейлерінен бір-бір есептен беріледі.Берілген есептерді әр топта шығарып, тақтаға кезекпен шығарады. Топ мүшелері кезекпен кезек  тақтаға  шығады. Есептерді шығарып жатқан кезде мұғалімнің «Стоп» деген белгісімен келесі оқушы сол есепті жалғастырып шығара алу керек.
 
Жеке жұмыс. 
Әдіс: «Кім жүйрік» әдісі 
№1188 (А)
АВ, АС және АD сәулелерін сызыңдар. Пайда болған үш бұрышты белгілеулерімен жазыңдар.
№1194 (В)
∠EOF=90. OD Сәулесі EOF бұрышын EOD және DOF бұрыштарына бөледі. EOD бұрышының градустық өлшемі DOF бұрышынан 2 есе кем. EOD бұрышы, DOF бұрышы неше градус?
Жұппен жұмыс.
№1197 (С)
∠AOB=50, ∠BOC=70.  AOB бұрышының биссектрисасы мен BOC бұрышының биссектрисасының арасындағы бұрыштың градустық өлшемін табыңдар.
Дескриптор
  • Берілгенін дұрыс жазады;
  • Белгісіз бұрыштың мәнін шығарады;
Әрбір дұрыс жауапқа А деңгейі2 балл
Әрбір дұрыс жауапқа В деңгейі3 балл
Әрбір дұрыс жауапқа С деңгейі5 балл
 
ҚБ: «Блоб ағашы» (өзін-өзі бағалау)
(топтағы әр оқушы өзін қай деңгейде тұрғандығын бояйды)
Кері байланыс:  Мұғалім оқушылардың бір біріне әділетті болып, дұрыс тексеріп отырғандығын қадағалау;
 
«Миға шабуыл».
  1. Жазыңқы бұрыштың 50%-ті, 25 %-ті нешеге тең?
  2. 150° -тың 30%-тін табыңдар.
Дескриптор
- Санның пайызын табуды.
Әрбір дұрыс жауапқа 2 балл
ҚБ: «Мадақтау» әдісі
Кері байланыс: Мұғалім жекелеген оқушылардың жұмыстарын тексеріп ,саралап, кеңес беріп отырады. Жылдам есеп шығаруға баулиды
 
Сергіту сәті. Топпен жұмыс. Практикалық жұмыс
Әдіс: «Мықты болсаң тауып көр» әдісі

















Дескриптор
  • Бұрыштарда жасырылған сөздерді табады.
 
Дұрыс жауапқа 5 балл
 
ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі
Кері байланыс: 
  • Есептердің дұрыстығын қадағалап, тексеру;
  • Қате шығарылған нұсқаларды дұрыстау;
  • Жылдамдыққа баулу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 










Оқулық Математика 2-бөлім, Алдамұратова Т.А., Алматы «Атамұра» 2017   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
























Оқулық Математика 2-бөлім, Алдамұратова Т.А., Алматы «Атамұра» 2017   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 























  
Сабақтың соңыҚорытындылау: «Ия, жоқ»
Берілген тұжырымдар дұрыс болса оң қолдарын,, бұрыс   болса сол қолдарын көтереді
  • Бұрыш дегеніміз түзу сызық.
  • Бұрыштың қабырғалары бұрышты жасаушы сәулелер
  • Бұрыштың белгісі жоқ.
  • Бұрыштың өлшем бірлігі жоқ
  • Толықтауыш сәулелер түзу сызықты бір нүктемен бөлгенде пайда болатын сәулелер.
  • Жазыңқы бұрыштар градустық өлшемі 360-қа тең.
  • Медиана дегеніміз бұрышты қақ екіге бөледі.
Дескриптор:
  • Бұрыштың анықтамасын айтады; 
  • Бұрыш элементтерін атайды;
  • Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемін айтады;
  • Медиана анықтамасын біледі.
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл
 
ҚБ: Мұғалімнің мадақ сөздері ( жарайсың, керемет,өте жақсы) 
Жақсы жауап беріп, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап отырады. 
Кері байланыс: Жауаптарын саралап, оқушыларды мадақтау. 
 
Үй тапсырмасын беру. №1198, №1199 есептер
      Рефлексия 
Сабақ соңында оқушылар «Білім теңізіне кеме жіберіңіз» рефлекциясын жүргізеді. Сабаққа дайындалған плакатқа тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге жібереді, өзіне сенімсіз оқушылар кемелерін жағаға қалдырады.
      Бағалау
Сабақ соңында топ басшылары оқушылардың барлық жинаған ұпайларын санап айтады
25 балл,одан жоғары – «Жарайсың!»
15-24 балл – «Жақсы. Дегенмен,әлі іздену керек!»
9-15 балл – «Көп іздену керек!»
0-8 балл – «Жалқаусың!»  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 







 





 
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Диалог және қолдау көрсету арқылы сыныппен жұмыс, топпен жұмыс, жеке жұмыс және жұппен жұмыс кезінде сараланған деңгейлік тапсырмалар орындатамын. «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Есеп шығаруда «Ашық микрофон», «Стоп кадр» әдістерін қолданамын. Деңгейлік тапсырмалар және кейбіреулері үшін қосымша есепті ұсынамын. Жеке оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау, мадақтау, арқылы ынталандыру  жүзеге асырылады.Қалыптастырушы бағалау түрлері: оқушылардың сабаққа ынтасын көтеру үшін «Жапон әдісі»,  «Мұғалімнің мадақтауы», «Блоб ағашы», «смайликтер», «Екі жұлдыз, бір тілек».
Тапсырмалардың барлығы дискрипторларымен берілді, қалыптастырушы бағалауларын жүзеге асырамын.
Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалаймын. 
АКТ- ны уақытылы қолдану 20минуттан асырмау.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу «шаттық шеңбері». «Мақал-мәтел» сергіту сәті.
 
Пікір қалдыру
  • Аты-жөні*:

    E-Mail*:

  • Пікір*:

  • Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Соңғы жаңалықтар