Айдарбекова Акгул

Рейтинг:


Мен  және менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.2 Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі

 орнын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтай алады;

Көптеген оқушылар: Туыстық атауларды әке және ананың тегіне байланысты топтастыра алады;

Кейбір оқушылар: Өзінің әулетінің  шежіресін зерттей біледі;

Бағалау критерийлері

-Отбасымүшелерінеқатыстытуыстықатаулардыажыратады;

-Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды;

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминологияны үш тілде айтқызу:

үй,  ата-ана, аға-іні, әпке-сіңлі, ата мен әже және жақын туыстар, қарындас, нағашы - жиен, бөле, жезде – жеңге.

Диалог пен жазу үшін пайдаланатын сөздер мен сөз тіркестері:

- Отбасы деген не?

  • - Қандай туыстық атауларды білесің?

-Туыстық атаулардың мағынасын түсіндіре аласың ба?

  • - Отбасында сен нешіншісің?
  • -  Отбасында сенен үлкендер кім болады?
  • Кішілер ше?
  • -  Сенің әкеңнің әкесі? (ата)
  • -  Әкеңіздің анасы саған  кім болады? ((әже)
  • - Сенің анаңның анасы саған кім болады? (нағашы әже)
  • - Менің анамның қызы, бірақ мен емес? (әпке,апа, сіңлі)
  • - Өзіңізден үлкен бауырыңызды қалай атайсыз?

Құндылықтарды дарыту

Туыстық қарым-қатынасты сақтау,отбасының адам өміріндегі маңызын ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру және сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Пәнаралық байланыстар

сауат ашу, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

интербелсенді тақта,слайд

Бастапқы білім 

Түрлі деректерді зерттей отырып, «Отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

 

Сабақ  барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

 

Сабақтыңбасы

 

 І.Ұйымдастыру

Ширату: «3 ақиқат, 1 жалған» әдісі

Оқушылардың отбасы ұғымының түсінгеніне назар аудару.

-Балалар, сіздерге 3 ақиқат және 1 жалған ұғым беріледі. Жалған сөз келгенде,қол көтересіздер.

Отбасы дегеніміз - бұл: ата, әке, дос,бала.

Отбасындағы  әке тарапынан туыстар – бұл: аға, апа, қарындас.

Отбасындағы ана тарапынан туыстар- бұл: нағашы аға, нағашы әже, бөле, ұстаз.

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтылым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ым - ишара

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау

 

 

 

Ұжымдық жұмыс. «Серпілген сауал»

Отбасы – eң жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды.

- Отбасындағы туыстарды еске түсіріңдер. 

- Отбасының үлкені кім?                                                                  

- Олар саған кім болып келеді? 

- «Туыс» ұғымының мәнін қалай түсінесің?

- Әкеңіздің анасы саған кім болады? 

- Әкеңіздің әкесі ше? 

- Өзіңізден үлкен бауырыңызды қалай атайсыз?

Жұптық жұмыс. «Мен кіммін?»

- Олай болса, екі-екіден жұптаса отырып, өзіңді қасыңдағы көршіңе таныстыр.

Мысалы: Мен анама - қызы боламын; Мен атама - немеремін.Мен ағама – қарындаспын; Мен апама- сіңлімін. Мен ініме - апамын т.с.с. 

Менің атым                        _____________________________________________________
Менің әкемнің аты            _____________________________________________________
Менің анамның аты         _____________________________________________________
Менің әжемнің аты           _____________________________________________________
Менің атамның аты         _____________________________________________________
Менің ағамның аты         _____________________________________________________
Менің әпкемнің аты         _____________________________________________________
Менің қарындасымның аты __________________________________________________
Менің інімнің аты             _____________________________________________________
 Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты ____________________________

Топтық жұмыс. «Мүсінші» ойыны.  Ым-ишараны қолдану.

-Балалар, сендерге туыстық атаулар жазылған сөздер беріледі. Солардың арасынан өзіңізге қажетті рольді таңдап аласыз. Араларыңыздан бір оқушы  «Мүсінші»

 болады. Топтағы басқа балалар сазбалшық боласыздар. Әрбір топ «Отбасы » тақырыбында өз мүсінін сомдауы  тиіс. Соңынан Мүсінші неліктен солай жасағанын түсіндіріп береді.

 

Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
 Бір үйде біз бесеуміз.

 

Ертегі.  «Ағайынды бес саусақ» ертегісі тыңдалады.(рухани құндылықтар)

-Ертегіден көңілге не түйдіңдер?

-Сонда отбасы мүшелері  арасында қандай байланыс болуы керек?

-Ертегінің қай жері ұнады?

 

«Сәйкестендір»

Тақтаға әке мен ананың суреті ілінеді. Соларға сәйкес туыстық атаулар жазылған сөздерді топтастырып, жинақтау керек.

Мысалы:

               Әке


               








Ана

 









Сөздер: нағашы ата, нағашы әже, іні, сіңлі, бөле, нағашы қарындас, әже
 

ҚБ. Жұптық жұмыс. «Сызбаны     толықтыр»

Сызбаны өзіңізге қатысты отбасы мүшелерінің атауларымен толықтырып жазыңыз.

 



 

Дескриптор: Білім алушы

- туыстық атауларды дұрыс жазады (ата);

- туыстық атауларды дұрыс жазады (нағашы әже);

- туыстық қатынастарда өз орнын анықтап жазады (немере);

 

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргіземін.

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

немен жұмысты жалғастыру қажет?

 



 

 

 

Пікір қалдыру
  • Аты-жөні*:

    E-Mail*:

  • Пікір*:

  • Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Соңғы жаңалықтар