Рахматуллаева Калдыгул Нурмаганбетовна

Рейтинг:

Рахматуллаева Калдыгул Нурмаганбетовнаға

1971 жылы туған,
қазақ білімі жоғары,
біліктілік санаты жоғары,
 педагогикалық өтілі – 23жыл
 
      Рахматуллаева Калдыгул Нурмаганбетовна педагогикалық салада 23 жыл еңбек етіп келеді. 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №13 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда  мектептің тәрбие ісін жандандыруда  қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын сақтауға баулу жолында, дене шынықтыру пәнін оқытуда жан-жақты шығармашылықпен қызмет етуде.
      Ұстаз ата-аналармен, әріптестерімен және оқушылармен ортақ тіл табысып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, дәріс берген оқушылары қалалық, республикалық деңгейдегі жарыстардан жүлделі орындар мен мақтау қағаздарымен оралуы, мұғалімнің  еңбекқорлығын көрсетті. 
      Қызмет ету барысында аудандық, қалалық және республикалық деңгейде кездесулер, конференцияларды  өте жоғары деңгейде әсерлі өткізіп инновациялық ізденістегі маман екендігін байқатты. Тәрбие жұмысын жүргізе отырып, мектептегі оқу процесін жақсартуға үлес қоса білді. 
      Калдыгул Нурмаганбетовна - педагогикалық нәтижелі қызметінің негізінде Қазақстан Республикасының Президентінің, Білім және ғылым министрінің және вице министрінің  алғыс хатымен және Алматы қаласы Білім басқармасының, Қалалық жастар ісі жөніндегі комитетінің мақтау қағаздарымен, сондай-ақ Әуезов ауданы Әкімі мен «Нұр Отан» партиясының бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталды. 
      Рахматуллаева Калдыгул Нурмаганбетовна - қоғамдық ортада беделді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, ұйымдастыру қабілеті жоғары деңгейдегі, өз ісіне тиянақты да жауапты ұстаздықты жете меңгерген білікті маман.




Пікір қалдыру
  • Аты-жөні*:

    E-Mail*:

  • Пікір*:

  • Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Соңғы жаңалықтар